«Жүректі ауыртқым келмейді»: Мақпал Жүнісова продюсер Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдамады

Аиса Махамбет Редактор
18.03.2025, 17:38
1042
«Жүректі ауыртқым келмейді»: Мақпал Жүнісова продюсер Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдамады жеке мұрағатынан

Көзі кеткеннен кейін “Ол сондай адам еді” деп өкінеміз дейді продюсер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің өмірі туралы жоба жасағысы келетін продюсер Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдамағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Продюсер халық әртісінің жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты жоба жасағысы келетінін жасырмады. 

“Біз әлемге танымал әйелдердің өмірін қызығып оқимыз. Елімізде де мықты әйелдер бар. Роза Рымбаева туралы фильм түсіргім келеді. Бірақ ол ұсыныстан бас тартты. Одан кейін Мақпал Жүнісова мықты әйелдердің бірі. Тағдырлы әнші. 10 жылдан бері көндіре алмай жүрмін. Үш күн бұрын жолықтық. Сол кезде “Мақпал, өміріңізден мемуар жазыңызшы” дедім. Ол бірден бас тартты. “Бүгін жарыққа шықпай-ақ қойсын, болашақта керек болады” дедім. Оның өмірін шығармашылық жолын халық білуі керек. Біз тірі кезінде ешкімді бағаламаймыз. Көзі кеткеннен кейін “Ол сондай адам еді” деп өкінеміз”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Жеке парақшасында халық әртісі ұсыныстың болғанын растап, продюсерге алғыс айтты. 

“Баянға рақмет. Мен әлі оған дайын емеспін. Менің ешкімге ашпаған сырларымнан өзім де осы күнге дейін шошып оянамын. Халықтың да, жанкүйерлерімнің де жүрегін ауыртқым келмейді. Бастан өткен оқиғаларға көнген де, сенген де, төзген де – өзім. Шындығын ашсаң, тағы да болмайды. Өйткені көбі марқұм боп кетті. Қалған ғұмырымда жалғандық болмаса екен деп армандаймын", – деді халық әртісі.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады