«Ауылдағы баланың тісі ауырса, министрдің жүрегі ауыруы керек» – Ринат Зайытов

Аиса Махамбет Редактор
19.03.2025, 12:14
100
«Ауылдағы баланың тісі ауырса, министрдің жүрегі ауыруы керек» – Ринат Зайытов бейнежазбадан алынған кадр

Депутат Ринат Зайытов қазір қабылданып жатқан заңдардың қызығын болашақ ұрпақ көреді деген пікір білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатырмыз дейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов мәлім етті.

Бүгінгі келелі жиын үш жылдықтағы саяси реформалардың аралық нәтижесіне арналып отыр. Әрине, жасағанымыздан алда жасайтынымыз көбірек. Ұлы жетістіктерге бара жатқанымыз анық. Бұл – тікелей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси институттарға, ойы бөлек азаматтарға деген сенімінің арқасы. Қазақта «балпаң-балпаң кім баспас, басуға балтыр шыдаса», – деген жақсы сөз бар. Осы сөздің мағынасын мен шынымен Мәжіліске келгенде ғана түсінгендеймін. Менің күнделікті жұмысқа келетін сапарымдағы әр қадамым аяғымды еріксіз дірілдетеді. Өйткені күнделікті Мәжіліске жұмысқа келе жатқан әр депутаттың әр қадамында халықтың үміті, халықтың аманаты және халықтың тағдыры бар. Қазақ үшін қашаннан да бері елдің аманаты мен сенімінен ауыр жүк жоқ. «Дөп» бассаң – ел үмітін ақтаған ерсің, «қалт» бассаң – жаудан бетер езсің! Кейде тіпті көтерген сұрағыңа орынсыз сын тағып, «Осы мәселе сендер қозғайтын тақырып па? Неге жоғарыдағылар ұсақ-түйек мәселелер қозғайды» деп жатады. Өз басым бұл сынмен келіспеймін. Себебі біз – бір мемлекетпіз!, - деді Ринат Зайытов.

Сондықтан ұсақ, ірі демей, әр мәселеге бірдей жұмылуымыз керек.

Шалғайда жатқан бір ауылда кішкентай баланың тісі ауырса оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек. Жұмыла көтерсек, жүгіміз жеңілдейді.  Құдайға шүкір, Мәжіліске келген уақыттан бері қадамымыз нықталып, бойымыз шынығып келе жатыр. Себебі Мәжілістің бүгінгі құрамы қазақтың ертеңіне жарайтын, кейінгі буын ұқсата білсе, одан да арғы ұрпақ та қызығын көретін заңдар шығарып жатыр деп айта аламын. Иә, мақтанатын да, ақталатын да, алда атқаратын да жұмыс көп. Дегенмен, беталысымыз жаман емес. Бүгінде мемлекетте болып жатқан өзгерістерді «көрмес» қана байқамайды. Бұл ретте Парламенттің ықпалы айтарлықтай артып, халық депутаттардың кім екенін, олардың не істейтінін тереңірек түсінді. Мәжілісте апта сайын сауал жолдап, үкімет мүшелерін сұрақтың астына алып жатқан депуттарға қарап халықтың ойындағы өшкен үміт қайта тірілді. Бұрын ел арасында, көшеде ғана айтылып, ұзаса бірер ереуілменен амалсыз басылып қалатын халықтың үні бүгінде төрге жетті. Елдің көкейінде жүрген түйткілдің бәрін осында қоғам белсенділерімен, сарапшылармен бірге бүкпесіз талқылаймыз, - дейді ол.

Депутаттың айтуынша, Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатыр. Көтерілмей қалған мәселе, айтылмай қалған ой жоқ. Осылайша, қоғамды толғандыратын көптеген мәселе шешімін тауып, елдің іргесі беки түсті. Әрбір игі іс жүзеге асқан сайын халықтың билікке деген сенімі артып келеді. Халықтың үні, тағдыры мен болашағы, өмірі мен өзегі, ол – Парламент.

Қазір Мәжіліс пен Мәслихаттардың қарым-қатынасы қоюлап, елдің ортасында жүрген әріптестерімізбен ұдайы хат-хабар алысып отырмыз. Бұл байланыстың нығаюына «AMANAT» партиясы өткізіп келе жатқан «Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының форумы» тікелей әсер етті. Аймақтағы депутаттармен бірге атқарушы биліктің де қатары жаңарып, күшейе түсті. Әрине, мемлекттегі оң өзгерістердің барлығының негізінде Президенттің ойлы саясаты мен батыл бастамалары тұр. Уығы мықты үйдің ғана шаңырағы шайқалмайтыны баршамызға аян, - дейді Ринат Зайытов.

«Дәрілерін мүлде ішпеген»: Журналист құлдықта болған қыздар жайлы сұмдық ақпарат айтты Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды «YouTube, X, TikTok, Instagram»: Түркия бірнеше танымал платформаны қолдануға шектеу қойды Шольц пен Макрон алдағы уақытта да Украинаға әскери көмек көрсетуге уәде берді «6 айлық сәби мен 9 және 3 жастағы қыздар»: Медбике әйел некесін сақтап қалу үшін 3 қызын өлтіріп тастаған Семейдегі баланы қорлаған жасөспірімдерге сот үкімі шығарды «Ауылдағы баланың тісі ауырса, министрдің жүрегі ауыруы керек» – Ринат Зайытов «Менен соң Мұрат та арбаға таңылды»: Нұрлан мен Мұрат өмірлеріндегі ауыр жайттарды айтып берді Тоқаев келіссөздер жүргізген Трамп пен Путиннің шешімін құптайтынын жеткізді «Күнкөрістің қиындығына шыдамадым»: Өз ұлын өлтіріп, денесін қоқысқа тастаған әйелге үкім шықты «Путин дайын»: Трамппен әңгімеден соң Путин қандай шешімдер қабылдағаны белгілі болды «Көктайғақ, жел»: 19 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды Дәстүр мен тренд тоғысқан сәт: студенттер ұлттық киімнің заманауи топтамаларын ұсынды «Енді Қайрат Нұртас сияқты ертіп жүремін»: Нұржан Төлендиев әйелін сахнаға шығарғысы келетінін айтты «Жүректі ауыртқым келмейді»: Мақпал Жүнісова продюсер Баян Мақсатқызының ұсынысын қабылдамады Алматылық жігіт ChatGPT көмегімен сотта жеңіп шықты Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі алаяқтық жасағанын мойындады Трамп бұрынғы президент Байденнің ұл-қызын күзетінен айырды «374 млн теңге ақша мен 12 кг алтын»: «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды Лифтіде жараланған 5 жасар баланың қазіргі жағдайы белгілі болды