Семейдегі баланы қорлаған жасөспірімдерге сот үкімі шығарды

19.03.2025, 12:52
811
Семейдегі баланы қорлаған жасөспірімдерге сот үкімі шығарды әлеуметтік желіден

Өз үйінің ауласында жүрген баланы аяусыз ұрғандар заң алдында жауап бермек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей қаласының соты оқушыны аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шығарды.

Stan.kz таратқан мәліметке сүйенсек, 18 наурызда өткен сот отырысы жабық жағдайда өтті. Судья бес азаматтық істі қарап, жасөспірімдерді девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу және бір айыпталушыны ерекше режимдегі мектепке орналастыру мәселелерін қарастырды.

Сот анықтағандай, жасөспірімдер Л. мен Т. зардап шеккен баланы өз үйінің ауласында кездестірген. Л. мен Б. арасында қақтығыс туындап, ол ұрысқа ұласқан. Кейін оларға М., В., С. және Ш. қосылып, зардап шеккен балаға талаптар қойған.

Л., Т., М. және В. зардап шеккен Б-ны котельня аумағына апарып, оған дене жарақатын салған. Осы сәтте М., В. және Ш. оқиғаны телефонға түсіріп, кейін видео қаладағы пабликтерде жарияланды, – делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот үш жасөспірімге қатысты талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Оның себебі – екеуі 11 жасқа толмаған, ал заң бойынша арнайы мектепке тек 11 жастан бастап орналастыруға болады. Ал оқиғаны видеоға түсірген 12 жастағы қыз бұған дейін құқық бұзушылық жасамаған және жақсы оқығандықтан, арнайы есепке алынбаған. Бірақ ювеналды полицияда есепке қойылды.

Үш жасөспірімді сот арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылдады.

13 және 16 жастағы екі қыз девиантты мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы мектепке төрт ай мерзімге жіберілді. Сот олардың бірінің білім алудан тұрақты түрде бас тартқанын анықтады. Сонымен қатар, бұл қыздардың спирттік ішімдік ішіп, түнде ересектерсіз үйден шыққаны белгілі болды. Егер мінез-құлқында оң өзгерістер болмаса, мерзім білім беру ұйымының өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін, – деді Абай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қарлығаш Қасымова.

Сондай-ақ, 13 жастағы бір ұл ерекше режимдегі мектепке алты айға жіберілді.

Ол биыл екі ай ішінде екі қылмыс жасаған, бірақ кәмелетке толмағандықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмады. Ұрлық пен бұзақылық бойынша екі іс те тоқтатылды. Оның өкінгенін ескере отырып, ерекше режимдегі мектепке алты ай мерзімге орналастыру туралы шешім қабылданды, – деп толықтырды Қарлығаш Қасымова.

Сот шешімі кәмелетке толмағандардың тәрбиесін қатаң бақылау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл жағдай жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ата-аналар мен қоғамға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды