Кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасаған 25 адам өмір бойына сотталды
Динара Зәкиева түсініктеме берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне кәмелетке толмағандарға жыныстық зорлық жасағандардың статистикасын атады. Бұл туралы Kazinform жазды.
- Кәмелет жасына толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық жасау қылмысы бойынша жыл сайын 900-ге жуық іс тіркеледі. Бұл 120, 121, 124-баптар. Ал әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң қабылданғаннан бері аталған қорқынышты қылмысты жасаған 25-27 тұлға өмір бойына сотталды, - деді ол.
Сондай-ақ уәкіл қылмыстың бұл түрі қай өңірлерде жиі тіркеліп жатқанын мәлім етті.
- Жыныстық зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар негізінен Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл сияқты өңірлерде тіркеледі, - деді Динара Зәкиева.
Материал авторы