Депутат Қазақстанда «күлкі шақыратын шарларға» тыйым салуды ұсынды

19.03.2025, 21:20
487
Депутат Қазақстанда «күлкі шақыратын шарларға» тыйым салуды ұсынды parlam.kz

Қазақстанның ірі қалаларында кеңінен сатылып жүрген «күлкі шақыратын шарлар» мәселесі депутат Темір Қырықбаевтың назарын аударды.

Ол бұл заттарды есірткі деп атап, оларға түбегейлі тыйым салуды ұсынды. Депутаттың пікірінше, бұл шарларды қолданғандар тек күліп қана қоймай, сондай-ақ тәуелділікке ұшырайды, ал әлемде бұл заттың қолданушыларының өлімі мен мүгедектігі күн санап артып келеді.

«Бүгінде түнгі клубтарда, караоке-барларда, тіпті үйге жеткізу арқылы ашық сатылып жатқан бұл «шарики-кумарики» жай ғана ойыншық емес! Қаншама адам осы газды қолданамын деп мүгедек болып қалды. Ақтауда бір жігіттің аяғы істемей қалды. Ресейде бірнеше адам өлімі тіркелді. Ұлыбритания мен Нидерланды бұл «көңіл көтеретін газға» түбегейлі тыйым салды. Америка Құрама Штаттарының FDA ұйымы ресми түрде азот оксидінің сал ауруына, жүйке жүйесінің бұзылуына, психикалық ауытқуға және өлімге әкелетінін мәлімдеді,» — деп атап өтті Темір Қырықбаев.

Қазақстандық депутат Нидерланд пен Ұлыбританияның тәжірибесін мысалға келтірді. Нидерланды 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азот оксидін есірткі заттары қатарына енгізіп, оның сатылуына, сақталуына және пайдаланылуына тыйым салды. Ал Ұлыбритания заңды бұзғандарды 14 жылға дейін бас бостандығынан айыруды ұсынған. Өйткені бұл газдың жастар арасында таралуы өте қауіпті екені дәлелденген.

Темір Қырықбаевтың айтуынша, Астанадағы кейбір клубтарда бір шарик 2000 теңгеге сатылып жатыр. Бұл затты тек клубтарда ғана емес, есігіңе дейін жеткізіп береді. Оның сөзінше, көшеде «көңіл көтеремін» деп жүрген жастардың болашағы өте күмәнді, себебі бұл газ жүйке жүйесін бұзады, мидың жұмысын тоқтатады, аяқ-қолдарды жансыздандырады. Ең қауіптісі — бұл зат адамды байқатпай тәуелді етеді, ақырында мүгедекке айналдырады.

Мәжіліс депутаты наркологтар мен психологтардың осы газды есірткілер қатарына қосу туралы көптеген рет айтқанын, бірақ осы уақытқа дейін ешқандай шара қабылданбағанын жеткізді. Оның пікірінше, Қазақстан да Ұлыбритания мен Нидерланд сияқты бұл газды заңсыз деп жариялауы керек.

«Тыйым салынсын! Бұл – ойыншық емес, бұл – есірткі! Оны қолданғандардың саны артып келеді, ал әрекет жоқ! Біз үнсіз қалсақ, ертең кеш болады. Ертең өкініп қалмау үшін, дәл қазір әрекет ету керек!» — деп қорытындылады Темір Қырықбаев.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды