Шерзаттың отбасы 5 банктен алған несиелері кешірілген

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 09:11
632
Шерзаттың отбасы 5 банктен алған несиелері кешірілген SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Банктер де отбасына қолдау көрсетуге ниет білдірді дейді Айтбек Амангелді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда қаза тапқан жасөспірім Шерзат Полаттың отбасының бірнеше банктегі несиелері кешірілген. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Құқық қорғаушы Айтбек Амангелдінің айтуынша, Шерзаттың отбасы қайғылы оқиғадан кейін халықтан қаражат жинау мәселесі бойынша кеңес сұраған.

"Бізде тек бір ғана сұрақ болды: қаражат жинаудың мақсаты қандай? Және ол неге Шерзаттың әкесінің туысы Перизаттың атына жүргізіліп жатыр, өйткені ол бұл іс бойынша жәбірленуші болып саналмайды. Біз дереу мәлімдеме жасап, командамыздың бұл ақша жинау ісіне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарладық. Сондай-ақ тек Шерзаттың әкесі мен анасын және олардың балаларын ғана өкілдік ететінімізді нақтыладық", — дейді Айтбек Амангелді.

Оның айтуынша, адвокаттар мен қорғаушылар тобы бұл қаражат жинаудың мақсатын түсіне алмаған, себебі олардың тарапынан барлық қызмет тегін көрсетілген.

"Банктер де отбасына қолдау көрсетуге ниет білдірді. Отбасының бес банктегі несиелерінің барлығына жуығының төлемдері тоқтатылды. Әртүрлі несие түрлері болған. Сонымен қатар, олардың азық-түлік дүкеніне тауар сатып алу үшін ЖК атынан алынған несиелердің бір бөлігі де кешірілді, яғни толық өтелді", — дейді Амангелді.

Оның айтуынша, отбасының Талғардағы үйі өртегеннен кейін де қаржылай қолдауға қатты қажеттіліктері болмаған. 

Құқық қорғаушы Саида Тәуекелова да кейбір демеушілер қайырымдылық ретінде Шерзаттың отбасын қолдағанын атап өтті. 

"Өкінішке қарай, біздің демеушілеріміздің бірі үйге ақша жинау жүргізілетіні жарияланған кезде көмек көрсетуден бас тартты. Сондықтан бірқатар қаржылық мәселелерді біздің команда өз бетінше шешті", — дейді ол. 

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді