«Сотқа қатысудан бас тартты»: Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасы айтқан мәлімдемеге жауап берді

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 10:10
1557
«Сотқа қатысудан бас тартты»: Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасы айтқан мәлімдемеге жауап берді әлеуметтік желіден

Айтбекке Қаржаубай «Соттаса мені соттасын, біз сотқа қатыспаймыз» деп хат жазып жіберген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Шерзаттың отбасы айтқан мәлімдемеге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Бұған дейін, Айтбек Амангелді Шерзат Полаттың туыстары қазіргі адвокаттар тобынан бас тартатынын айтқан еді. Одан кейін марқұм жасөспірімнің әпкесі Перизат Нұрымова қорғаушылардан бас тартпағанын, Айтбектің керісінше анасы Гүлбарға дауыс көтеріп сөйлегенін жеткізді. Сосын ағасы Қаржаубай Айтымға іс насырға шапса, қорғаушылармен келісімшартты бұзатынын айтқан. Аталған жағдайға Айтбек Амангелді өз жауабын берді. 

“Күні кеше Шерзаттың отбасымен кездестім. Қаржаудың анасы Гүлбармен кешке келісіп жүздестік. Жиналысқа Шерзаттың әжесі Гүлбар туыс ретінде таныстырған, бейтаныс әйелмен бірге келді. Біз сот жақындап қалған соң, кездесуді шештік. Тиісінше, жәбірленушілерімізді алдағы жауап алуға дайындауымыз керек. Сондай-ақ кейбір нақты жайттарды айтып, іс туралы хабардар етуіміз керек болды. Қаржаумен байланысу мүмкін болмаған соң Гүлбармен тікелей кездесіп, жиында барлығын талқылауға келістік. Біздің тарапымыздан Шерзаттың өліміне қатысты істің куәгері болған Қаржау, Гүлбар және басқа да қатысушылардың келуі қажет екендігі түсіндірілді”, – дейді Айтбек. 

Айтбектің айтуынша, бұрын марқұм Шерзаттың отбасы сот процесіне қатысқысы келмейтінін айтқан.

“Бұрын отбасы мүшелері сот процесіне физикалық түрде қатысқысы келмейтінін айтқан еді. Менің міндетім сотқа шақыру бойынша не үшін келмегенін нақтылау еді. Сонымен, ақырында, кәдімгі жазба арқылы олармен қоштасқанбыз. Бірақ осы кездесуден кейін, екі сағат өткен соң Қаржау маған хабарлама жазып жіберді. Ол  адвокаттардың бәрінен бас тартатынын, басқа қорғаушы жалдайтынын айтқан”, – дейді Айтбек. 

Фото: Скрин Instagram Aitym

Айтбек Амангелді, Шерзаттың отбасы бұл іске жаңа бес адвокат қосқанын мәлімдеді. 

“Содан кеше ғана жаңа адвокаттарға сенімхат берілді. Іске 5 жаңа адвокат қосылып жатыр деген жаңа хабар келді. Тиісінше, біздің тарапымыздан әрі қарай қатысамыз ба, деген сұрақ туындады. Адвокаттар да отбасымен байланысуға тырысты, бірақ нәтиже болмады. Сосын біз бұл нәтиже бермейді деп шештік”, – дейді Айтбек Амангелді. 

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды