«Балалармен қатынасқа түскенін түсірген»: Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталды

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 10:50
541
«Балалармен қатынасқа түскенін түсірген»: Қарағандыда туған қыздарын жыныстық құлдыққа сатқан аналар ұсталды depositphotos.com

«Аяулы аналар» өз қыздарын 60 жастағы еркекке сатқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда кәмелетке толмаған қыздарын 60 жастағы ер адамға сатып, ақшалай сыйақы алып отырған аналар ұсталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Тергеу мәліметтері бойынша, олар кәмелетке толмаған қыздарын 60 жастағы ер адамға сатып, ақшалай сыйақы алып отырған. Ал күдікті азамат жасөспірімдерді жыныстық қатынасқа тартып, бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл оқиға "STOP-трафик" жедел алдын алу шарасы аясында анықталған. Операция барысында еліміздің бірнеше өңірінде адам саудасымен байланысты қылмыстар ашылды.

Шымкентте төрт адамнан тұратын қылмыстық топ 18-23 жас аралығындағы қыздарды жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Күдіктілер жәбірленушілерді интимдік суреттер арқылы бопсалап келген. Алматыда "боди-массаж" салондарын жезөкшелік қызметін ұйымдастыру үшін ашқан жеті адам ұсталды. Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен түсірілген бейнематериалдарды Telegram-дағы жабық топтарда сатқан екі қызылордалық азамат қолға түсті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, үш күн ішінде полиция адам саудасына, жезөкшелікке тартуға, притондар ұйымдастыруға және жеңгетайлыққа қатысты 40 қылмысты әшкерелеген. Сонымен қатар жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай беруге байланысты 156 және қоғамдық орындарда адамдарды мазалау бойынша 640 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі тіркелді.

Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды