Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 14:12
1294
Наурыз мейрамы қарсаңында үшем босанған көпбалалы ана перзентханадан шықты жеке мұрағатынан

Бұған дейін 3 ұлды өмірге әкелген ана үшем қызды өмірге әкеліп, көпбалалы анаға айналып шыға келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласының тұрғыны Айзада Құбашева дүниеге үшемді алып келді. Өзінің айтуынша, үшем 6 наурыз күні сағат 09.50, 09.51, 09.55-те жарық дүниеге көрінген. Салмақтары — 2 020, 2 100 және 2 360 грамм. Бұл туралы Kazinform жазды.

— Есімдерін Медина, Раяна, Аяла деп қойдық. Өзім Әлия Молдағұлова атындағы № 38 мектеп-лицейінде мұғалім болып жұмыс істеймін. Отағасымыз Мейрамбек Мағзомов — шағын жеке кәсіпкер. Осыған дейін Мақсат, Ернұр, Жәңгір атты үш ұлымыз бар еді. Үлкені 12-де, ортаншысы 9-да, кішісі 6 жаста. Енді, міне, соған үш қызымыз қосылып, көпбалалы ана атанып отырмын. Өзіміз ата-енемізбен бірге тұрамыз, жеке үйіміз жоқ, - дейді Kazinform тілшісіне берген сұхбатында А.Құбашева.

Айзаданың сөзіне қарағанда, ол барлық баласын кесар тілігі арқылы босанған. 

— Облыстық перинаталдық орталық ұжымына ризашылығым шексіз. Жоспарлы түрде жүктіліктің 35 аптасында босандырып алды. Альфия Қажымұратқызы, Салтанат Ғалымжанқызы сынды дәрігерлердің біліктілігі арқасында кесар тілігі сәтті өтті. Сондай-ақ қыздарымды күні-түні қараған жансақтау бөлімінің дәрігерлері мен мейірбикелеріне шын жүректен алғысымды айтамын. Міне, бүгін Наурыз мерекесі қарсаңында перзентханадан аман-есен шығып жатқанымызға қуаныштымын. Оның үстіне бүгін — туған күнім, 35 жасқа толып жатырмын, - деді көпбалалы ана.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, сәбилер екі апта бойы жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі дәрігерлерінің бақылауында болды. Қазіргі таңда олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады