Ақталып шыққан Ақтөбе әкімінің орынбасары жалақысын толық өтеуді талап етті

10.03.2023, 19:48
657
Ақталып шыққан Ақтөбе әкімінің орынбасары жалақысын толық өтеуді талап етті Ашық дерек көздерінен

Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпталып, кейін ақталып шыққан Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров жалақысын толық өтеуді талап етті. Талап ішінара қанағаттандырылды.

2020 жылдың сәуір айында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров ұсталып, Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша тергеу жүрді.

Ал 2021 жылдың маусым айында Ақтөбе қалалық №2 сотында қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов, мердігер мекеме басшысы С.Жанасбаев, бас есепші Д.Дүйсемби, жеке кәсіпкер Н.Мұстафинге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Жаңа жыл кезінде безендіру жұмыстарына бөлінген ақша талан-таражға түсіп, мемлекетке 90 млн теңгеден астам залал келгені айтылды.

«Сот Досов пен Әбубәкіровті 7 жылға, Жанасбаев пен Мұстафинді 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дүйсембиге 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оның жас баласы болуына байланысты жазасын өтеуді 5 жылға кейінге қалдырды», - деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

Арада бір жылдан астам уақыт өткенде Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақтау үкімін шығарды.

Яғни, сот отырысында айыптаушы тарап сотталушылардың сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қандай жолмен аса ірі мөлшерде талан-таражға салғанын дәлелдей алған жоқ.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары сотталушылардың кінәсін толық дәлелдейтін айғақты ұсынбағандықтан сот сотталушыларды кінәсіз деп таныды.

Әрі қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінен соң оңалту және шығынды өтетуге құқығы бар екені айтылды.

Ақтөбе қалалық сотында Ж.Әубәкіровтің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен, Ақтөбе қаласының әкімінен 100 000 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы талап қою арызы қаралды.

Сот шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, 5 000 000 теңге сомасында моральдық зиян өндірілді. Кейін Ж.Әубәкіров сотқа қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу туралы өтінішпен жүгінді.

Соттан инфляцияны ескере отырып, оған 22 946 419 теңге мөлшерінде жоғалған жалақысын өтеуді сұрады. Ақтөбе қаласының №2 сотының қаулысымен өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды.

«Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен арыз ішінара қанағаттандырылып, ҚР Қаржы министрлігінен Ж. Әубәкіровтің пайдасына 12 404 702 теңге сомасында өндірілді. Сот актісі заңды күшіне енді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды