Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды

Аиса Махамбет Редактор
20.03.2025, 16:52
2388
Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған әншіге айыппұл салынды бейнежазбадан алынған кадр

Ұлт арасындағы өшпенділікті қоздыру ісі бойынша айып тағылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бішкек соты әнші Қайрат Примбердиевті өшпенділікті қоздыру ісі бойынша 100 мың сом (588 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) әншінің қазақ халқынан Кенесары ханның өлімі үшін кешірім сұраған мәлімдемесіне назар аударған.

"Сот шешімі бойынша мен Қырғызстан мемлекетінің бюджетіне 100 мың сом төлеуім керек. Мен қателік жіберген шығармын, бірақ мемлекет қазынасына үлес қосуға мүмкіндік туғанына қуаныштымын", – деді Примбердиев Instagram-дағы жазбасында.

Қаңтар айының басында YouTube-тағы Айран арнасының журналистері қырғыз-қазақ қарым-қатынасына арналған сюжет жариялаған болатын. Спикерлердің бірі ретінде қатысқан Қайрат Примбердиевтен қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы туралы сұралды. Жүргізуші: "Қырғыз Ормон ханы өзге жолды таңдай алар ма еді?" деген сұрақ қойғанда, әнші қазақ ханының өлімі үшін кешірім сұрады.

Оның бұл пікірі қырғыз қоғамында қызу пікірталас тудырды. Кейін ҰҚМК Примбердиевтің сөздерін "ұлтаралық араздықты қоздыру" деп бағалап, іс қозғады.

Айта кетейік, Кенесары хан 1847 жылы қаза тапқан. Тарихи деректерге сүйенсек, қазақтың соңғы ханының денесі Қырғызстан аумағында жерленген, ал басы Омбыға трофей ретінде жіберілген. Оның сүйектерін іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды