Бекет Ата жерасты мешіті табиғи газға қосылды

Аиса Махамбет Редактор
24.03.2025, 11:52
1839
Бекет Ата жерасты мешіті табиғи газға қосылды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Киелі жерге газ тартылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 наурыз күні Бейнеу ауданында орналасқан көне Бекет Ата жерасты мешітіне табиғи газ берілді. 

Жоба жеке кәсіпкердің  қаражаты есебінен 2025 жылдың қаңтарында басталып, үш айға жуық уақыт ішінде толық аяқталды. Жалпы ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын газ құбырының тартылуы – мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай, тарихи нысанның сақталуына да оң әсерін тигізбек.

Шарада сөз сөйлеген Бекет Атаның жетінші ұрпағы Ташов Қалымбегі ата бүгінгі табиғи газдың тартылуы – ата-бабалар аманатына деген құрметтің белгісі екенін атап өтті.

Бекет Ата мешітіне табиғи газ тартылуы – бұл тек тұрмыстық қолайлы жағдай ғана емес, бабалар мұрасына деген құрметтің айқын көрінісі. Киелі орындарымыздың сақталуы – болашақ ұрпаққа аманат. Осы игілікті іске атсалысқан жандарға алғысым шексіз, берекеміз арта берсін, - деді Ташов Қалымбегі ата.

Бекет Ата жерасты мешіті – Қазақстанның жалпыұлттық сакралды нысандарының бірі. 1771-1775 жылдары тұрғызылған бұл ерекше сәулет туындысы жартасқа ойылып салынған және үш бөлмеден тұрады. Мешіттің негізгі бөлмесі дөңгелек пішінде жобаланып, төбесі жазық күмбез тәрізді жасалған. Оның сыртқы келбеті қазақтың дәстүрлі киіз үйіне ұқсайды.

Сондай-ақ, өңір басшысы Бейнеудегі сапарында «Отпан» жобасы аясында материалдық-техникалық базасы жаңартылған Ж.Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектепке барды. 1062 балаға арналған 2 қабатты оқу орнында 2000-ға жуық оқушы білім алуда.

Бүгінде мектептің 16 оқу кабинеті жобаға сай жаңаша жабдықталып, заманауи техникамен және оқу процесіне қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді