Ақмарал Науатбек - Әлем кубогының жеңімпазы
Грузиядағы додада Ақмарал өзінің мықтылығын дәлелдеді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді.
Спорт комитетінің мәліметінше, финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді.
Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі – Алтын нашивкамен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші