519

Ғазада 50 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан

Тағы 113 274 адам жарақат алған.

Ғазада 50 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарынан 50 021 адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып Анадолы агенттігі мәлімдеді.

Соңғы тәуліктің өзінде ауруханаларға 41 адамның мәйіті мен жарақат алған 61 адам жеткізілген. Олардың 39-ы жаңа әуе шабуылдарының құрбаны болса, тағы екі адамның денесі қирандылардың астынан табылды.

Тағы 113 274 адам жарақат алған.

18 наурыздан бері Израиль Газаға жаппай соққыларын қайта бастады. Бұл уақыттан бастап тағы 673 адам қаза тапты, 1233 адам жарақат алды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор