Трамп әкімшілігі құпия чатқа байқамай журналисті қосып жіберген

25.03.2025, 16:16
567
Трамп әкімшілігі құпия чатқа байқамай журналисті қосып жіберген AFP / Mandel Ngan

Ал Трамп құпия әскери операциялар туралы ештеңе білмеймін дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, The Atlantic журналының бас редакторы Джеффри Голдберг АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғары лауазымды мүшелері Йемендегі хуситтерге қарсы әскери операцияның егжей-тегжейін талқылаған Signal мессенджеріндегі құпия топтық чатқа кездейсоқ қосылып кеткен.

Бұл туралы Голдберг "Трамп әкімшілігі маған өздерінің әскери жоспарлары туралы кездейсоқ жазды" атты мақаласында хабарлады. Кейін бұл ақпаратты Ақ үй де растады.

AFP агенттігінің мәліметінше, бұл АҚШ-тың жаңа әскери тарихындағы ең ауыр қауіпсіздік бұзушылықтарының бірі болуы мүмкін.

Голдбергтің айтуынша, 11 наурызда, яғни Вашингтонның Йемендегі хуситтерге қарсы әскери әрекеттер басталғанын ресми жариялауына төрт күн қалғанда, оған онлайн-чатқа шақыру келген. Чатқа 18 адам қатысқан, олардың арасында АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілдері болған. Атап айтқанда Қорғаныс министрі Пит Хегсет, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Вице-президент Джей Ди Вэнс және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Уолц.

Голдбергтің мәліметінше, олар әскери шабуылдардың уақыты мен нысандарын, басқа елдердің ықтимал реакциясын, сондай-ақ мүмкін болатын тәуекелдер мен салдарларды егжей-тегжейлі талқылаған.

Журналистің айтуынша, АҚШ-тың әскери іс-қимыл жоспары операция басталудан екі сағат бұрын чатқа жіберілген. Онда қолданылатын қару-жарақтар, соққы жасалатын нысандар және уақыт кестесі туралы нақты ақпарат қамтылған.

Мен бастапқыда бұл чатты шынайы деп ойлаған жоқпын. Бірақ содан кейін хуситтерді бомбалар атқылай бастады, – дейді Голдберг.

Ол бұл жағдайды "құпиялылықты өрескел бұзу" деп атады.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Брайан Хьюз журналистің телефон нөмірі қалайша құпия чатқа қосылып кеткенін тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге: "Мен бұл оқиға туралы ештеңе білмеймін", – деп жауап берді.

«Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО) Тамара Асар жолдасының зауыт қызметкерлеріне ас берді Белгілі блогер Дана Есеева орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты Ұландықтар боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетті Танымал әнші концерт кезінде жүрегі ұстап, қаза болды Жамбылда жер сілкінісінің кесірінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген Наурыздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда қыдырып жүр «Қыз туған соң жігітім тастап кетті»: Қарағандыда жаңа туған сәби саудасына қатысты сот жалғасып жатыр Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті Алматылық полиция бастығының орынбасары сотқа іш киіммен қатысқан Бұрынғы полицей жасөспірімдерді зорлаған болуы мүмкін Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті «Мама, мені сіз жоқ кезде зорлады»: Түркістанда 37 жастағы еркек 8-сынып оқушысын жүкті қылған Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін тағы да ешкім алмай қойды «5.0 балл»: Алматы маңында тағы да жер сілкінді Ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинап, рекордты жаңартты Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді