Көкшетауда нашақор адам мектептің терезесін сындырып, ішке кірмек болған (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
25.03.2025, 17:30
285
Көкшетауда нашақор адам мектептің терезесін сындырып, ішке кірмек болған (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Қолы қанға малынған ер адам жұртты шошытты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Көкшетауда ер адам мектептің бас ғимаратының терезесін сындырып, ішке кірмек болған. Ол қолын кесіп алған. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Қолы қанға малынған ер адам Көкшетаудағы мектеп-гимназия алаңынан жүгіріп өтіп, жұртшылықты шошытқан. Ол мектептің бас ғимаратының терезесін сындырып, ішке кіруге әрекеттеніп, қолдарын кесіп алған.

Дереккөздің айтуынша, ол кіреберістегі ғимаратқа бет бұрып, жабық есікті бұзып, турникеттен секіріп өтіп, ғимаратқа кірген. Күзетші жедел әрекет ету тобын шақырған. Білім ордасында ешкім зардап шеккен жоқ. Мектеп әкімшілігі полицияға арыз жазған.

Полиция мәліметінше, ер адам табылып, қамауға алынды.

"Ер адамның жеке басы анықталып, ұсталды. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтың есірткі тұтынғаны белгілі болды. Ер адамның білім мекемесіне келтірген материалдық шығыны анықталып жатыр. Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-1 (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, күшті әсер ететін заттарды медициналық емес қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады