«Мақпал Жүнісова оны білмейді»: Дана Нұржігіт ұлының әкесі әншіге ғашық болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
26.03.2025, 12:50
2666
«Мақпал Жүнісова оны білмейді»: Дана Нұржігіт ұлының әкесі әншіге ғашық болғанын айтты жеке мұрағатынан

Журналист марқұм күйеуі Владимир Рерихке қатысты құпияны ашты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал журналист Дана Нұржігіт халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қатысты сырдың шетін шығарды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Өнер иесі марқұм болған бұрынғы жолдасын есіне алды.

"Владимир Рерих – ұлым Әлімнің әкесі Мақпал туралы былай дейтін: “Лев Толстой Анна Каренинаны суреттеген кезде тура Мақпалды көз алдыма елестетемін” дейтін. Құлағының артындағы бұйра шашы, томпақ қолы мен жіңішке саусақтары Каренина, яғни Мақпал ғой, қандай ерке, қандай қылықты келіншек деп Рерих ол кісіге сырттай қатты ғашық болды. Мақпал оны білмейді", – деді журналист. 

Айта кетейік, Мақпал Жүнісоваға сазгер Алтынбек Қоразбаев та ғашық болғанын ел алдында айтқан еді. 

“Мен шын ғашық болсам, ұрып-жығатын қасиетім бар. Әзіл-шыны аралас, Мақпалға ғашық болғаным рас. Қуыршақтай қыз еді. Осыдан 33 жыл бұрын “Мәңгілік махаббатым” деген әнді Әбдірахман Асылбекке жаздырдым. 21 жастағы Мақпал сол әнді орындаған. Қыз күнінде салмағы 50 келіге де жетпейтін. Алақанға салып, көтеріп тұруға келетін, шынашақтай қыз еді. Бірақ жүрегі кең, өнерге тазалығы көрініп тұратын. “Гүлдерде” дүркіреп тұрған кезінде ұнатқаным бар. Бірақ жүректі ғашық болдым деп бөле алмайсың”, – деген еді сазгер. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады