Жигули Дайрабаев Атыраудағы суға кету қаупі бар аймақтардың жанайқайын жеткізді

Аиса Махамбет Редактор
26.03.2025, 14:15
600
Жигули Дайрабаев Атыраудағы суға кету қаупі бар аймақтардың жанайқайын жеткізді parlam.kz

Депутат Атырау облысындағы су арналары мен шалғай ауылдардың мәселесін көтеріп, депутаттық сауал жолдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновке Атырау облысының Исатай ауданындағы су шаруашылығы инфрақұрылымының жағдайы мен ауылдық жерлердегі әлеуметтік мәселелерге қатысты депутаттық сауал жолдады.

Сауалда Исатай ауданында орналасқан Бақсай, Нарын және Сборный суару арналарының техникалық ахуалының төмендігіне байланысты алаңдаушылық білдіріліп отыр. Облыс көлемінде 3,2 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы жері болғанымен, нақты пайдаланылып жатқан суармалы жер көлемі небәрі 5 321 гектарды құрайтыны атап өтіледі. Бұл көрсеткіш жалпы әлеуеттің 33 пайызынан да төмен.

Депутаттың айтуынша, бұл жағдайдың басты себептері – «су шаруашылығы инфрақұрылымының тозуы, су арналарындағы өткізгіштік қабілеттің төмендеуі, механикалық тазарту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілмеуі, автоматтандыру деңгейінің төмендігі және білікті кадрлардың жетіспеушілігі» болып отыр. Соның салдарынан су тұтынушыларға жетпей, ысырапқа ұшырап жатқанын айтады.

Сондай-ақ, Бақсай, Нарын және Сборный арналарының лай, балдыр, қамыс сияқты бөгеттерге толып, су айналымының бұзылғаны салдарынан Аққыстау, Жанбай, Зинеден және басқа ауылдарда егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына елеулі кедергілер туындап отырғаны көрсетілген. Бұл су арналарының «осы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өмірінің өзегі» екенін ескере отырып, мәселенің уақытылы шешілмеуі ауыл халқының жағдайының нашарлауына, көші-қон үдерісінің күшеюіне әкелуі мүмкін екені ескертілген.

Осыған орай, келесі нақты шараларды қабылдау ұсынылады:

  1. Суармалы арналарды қалпына келтіру бойынша кешенді техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу;
  2. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін қолдану арқылы су үнемдеу технологияларын (тамшылатып және жаңбырлатып суару) енгізу;
  3. Қосымша су жинақтаушы қоймаларды салу және су тасқыны кезінде суды тиімді пайдалану жүйесін құру;
  4. Су арналары бойындағы инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру және автоматтандыру;
  5. Су шаруашылығы саласындағы кадрлық әлеуетті арттырып, мамандар даярлау жүйесін жетілдіру.

Сонымен қатар, депутат Серік Жамбылұлы Шәпкеновке жолдаған сауалында Исатай ауданына қарасты Қызыл үй және Жасқайрат ауылдарына қатысты мәселелерге де тоқталған. Бұл ауылдарда халықтың медициналық жедел жәрдем көлігіне мұқтаждығы және жол инфрақұрылымының нашарлығы айтылған.

«Өңірдегі ауылдық жерлерде барлық әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар ретімен шешімін тауып жатыр» деп атап өте отырып, шалғай ауыл тұрғындарының көтеріп отырған өзекті мәселелері келесі ұсыныстармен нақтыланған:

  1. Исатай ауданынан Қызыл үй және Жасқайрат ауылдарына апаратын ауыларалық автомобиль жолдарын салу;
  2. Аталған ауыл тұрғындарына жедел әрі сапалы медициналық көмек көрсету үшін арнайы жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз ету.

Депутаттық сауалда көтерілген бұл мәселелер мен ұсыныстар ауыл шаруашылығын дамытуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға тікелей ықпал ететіні атап көрсетілген.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды