Әзірбайжан Ақтау маңындағы ұшақ апаты жайлы фильм түсірді

Аиса Махамбет Редактор
26.03.2025, 15:57
264
Әзірбайжан Ақтау маңындағы ұшақ апаты жайлы фильм түсірді AP Photo

31 наурыз күні фильмнің көрсетілімі басталады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 наурыз күні Әзірбайжанда Ақтаудағы ұшақ апаты жайлы фильмнің тұсаукесері өтеді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Әзірбайжанның Baku TV телеарнасы "J2-8243: Соңғы рейс" деректі фильмінің көрсетілімін жариялады. Фильм 31 наурызда Баку уақытымен 22:00-де (Астана уақыты бойынша 21:00) көрсетіледі.

“Фильм 2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтауда J2-8243 ұшағы Баку-Грозный рейсінің апаты кезінде зардап шеккендер, тірі қалғандар мен оларға көмектескендердің бастан өткені баяндалады”, – делінеген хабарламада.

Жарияланған трейлерге қарағанда деректі фильмнің кейіпкерлерінің қатарында ұшақ құлаған жерді дрон арқылы түсіріп, бұл үшін 10 тәулікке қамауға алынған ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев бар.

Сондай-ақ Ресей соты Ақтауда AZAL ұшағының апатқа ұшырауына қатысты іс бойынша тергеушілердің құжаттарды алуға рұқсат бергені белгілі болды. Ол Ресей Федерациясының екі оңтүстік аймағында өндіріледі. 

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда қыдырып жүр «Қыз туған соң жігітім тастап кетті»: Қарағандыда жаңа туған сәби саудасына қатысты сот жалғасып жатыр Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті Алматылық полиция бастығының орынбасары сотқа іш киіммен қатысқан Бұрынғы полицей жасөспірімдерді зорлаған болуы мүмкін Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті «Мама, мені сіз жоқ кезде зорлады»: Түркістанда 37 жастағы еркек 8-сынып оқушысын жүкті қылған Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін тағы да ешкім алмай қойды «5.0 балл»: Алматы маңында тағы да жер сілкінді Ауыл баласы ҰБТ-дан 140 балл жинап, рекордты жаңартты Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді Ертең күн жартылай тұтылады Брон жарқырауы тиіс! Ұлттық ұлан әскери техниканы шеруге дайындауда «Семіріп кеттім»: Қайрат Нұртас өзіне сыймай қалған костюмін ақтөбелік тыңдарманына сыйлады Елордада ауыл педагогтеріне арналған республикалық интенсив басталды «Үнемі ұрамын, үнемі балағаттаймын»: Ауруханада әйелін ұрып тастаған ер адам «ұруға кедергі жасайтын заңға» қарсы шықты Қара жамылып, ту ұстағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды