Шуда жүкті әйелдің денесі аурухананың жертөлесінен табылды

Аиса Махамбет Редактор
26.03.2025, 16:41
685
Шуда жүкті әйелдің денесі аурухананың жертөлесінен табылды tobyl.info.kz

Мүрдені марқұмның туыстары тауып алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шу қаласында орын алған қайғылы оқиға жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.

Журналистерге берген мәліметтерінде марқұмның туыстары мен тұрғындар дәрігерлер қайтыс болған науқастың өлімін жасыруға тырысқан деп мәлімдеді.

Тұрғындардың айтуынша, ерлі-зайыпты бес жылдан астам уақыт бойы сәби сүюді армандап келген. Өткен жылы жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған келіншек жүктілігінің 34-аптасында, 5 наурыз күні Шу қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылған. Алайда 9 наурызда оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түсіп, келесі күні іштегі баласы шетінеп кеткен. Дәрігерлер ота жасап, сәбиді алғанымен, келіншек есін жимастан екі күннен кейін көз жұмған.

Марқұмның туыстары келіншектің өліміне байланысты берілген алғашқы диагнозбен келіспейді. "Көптеген органдардың жеткіліксіздігі және мидың ісінуі" деген қорытындыны да күмәнмен қабылдаған. Ең сорақысы — туыстарының айтуынша, әйелінің жағдайын білу үшін ауруханаға барған күйеуі оның денесін аурухананың техникалық бөлмелерінің бірінен, ісіп, иістене бастаған күйде тапқан.

Бұл дерек әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғам наразылығын туғызды. Осыған байланысты Шу қалалық көпсалалы ауруханасы мәлімдеме жасап, жарияланған ақпаратты теріске шығарды. Аурухана мәлімдемесінде:

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Науқас 22 наурыз күні сәтсіз реанимациядан кейін, жедел жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен көз жұмды, – деп хабарлады.

Алайда, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға бейжай қарамай, арнайы жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Ана өліміне байланысты Шу көпсалалы аудандық орталық ауруханасында тергеу шаралары жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті де тексеру жүргізеді. Сараптама нәтижелері кейін жарияланады, – деді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабымен сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлады. Тергеу аясында мәйіт Тараз қаласына арнайы сараптамаға жіберілген.

Қазір қоғам ана мен баланың өліміне байланысты әділ тергеу жүргізіліп, кінәлілер жауапқа тартылуын талап етуде. Бұл жағдай медициналық мекемелердегі жауапкершілік, бақылау және ашықтық мәселелерін қайта күн тәртібіне шығарды.

«Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ «Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске түсіріп, көзіне жас алды Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО) Қарағандыда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп, зорлады деп жала жапқан Жетісуда өзеннен трос арқылы өтпек болған ер адамның мәйіті табылды Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады «50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген «Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) «Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген 18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО) Алматыда жол қиылысында «мода» көрсеткен қыздар көптің талқысына түсті (ВИДЕО) Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді «Шатастырып алған шығар»: Жанжал болған күннің бейнежазбасы жарияланды Таразда түрмеге жіберілген сәлемдемеден телефон табылды Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды Маусым айындағы демалыс күндері қанша? Бүгін өңірлерде өрт қаупі жоғары