845

Нұрғали Нүсіпжановтың сырт келбетіндегі өзгеріс қызу талқыға түсті

Көпшілік жасарып кеткен Халық әртісін операция жасатқан деп топшылады.

Нұрғали Нүсіпжановтың сырт келбетіндегі өзгеріс қызу талқыға түсті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Ақбота Керімбекова халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановты көрсетті. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі 80 жастан асқан әншіден бата алып, жеке парақшасына жариялады. 

"Мерекеңіз құтты болсын! Көкеміздің сахнада жүргеніне 70 жыл! Мерейтойды бүкіл қазақ болып тойлауға баршаңызды шақырамыз. Алда керемет той. Құдай сізге қуат, күш, деніңізге саулық берсін! Қазақтың маңдайына біткен аңыз адамдар ғой бұл кісілер", – деді Ақбота. 

Алайда халық әртісінің сырт келбеті қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары Нұрғали Нүсіпжанов бет-әлпетін өзгерткен деп топшылап жатыр. 

“Ағамызға үй алып берейік. Алып берген үйді сатып жіберген”, Ағамыз не болып кеткен, құдды бір дүкендегі маникен сияқты. Қария болып, қазақы қартайғаны жақсы еді", "Жеңгеміз жас болғандықтан, қасын бәрін жасатқан ғой", “Балаларымен араласып тұра ма”– деп жазды көпшілік.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор