Ақтөбелік полицей өз танысын қызметтік қаруымен атып тастады

Аиса Махамбет Редактор
27.03.2025, 10:15
569
Ақтөбелік полицей өз танысын қызметтік қаруымен атып тастады Polisia.kz

Полицей қазір қызметтік міндетінен уақытша шеттетілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде полиция қызметкері қызметтік қаруды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзып, салдарынан танысына оқ атқан.

Оқиға 25 наурызға қараған түні болған. Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

Құқық қорғау органы қызметкері қауіпсіздік ережелерін бұзып, абайсызда қызметтік қарудан оқ атқан. Нәтижесінде оның танысы жарақат алды, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы – «Салғырттық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Оқ атқан полиция қызметкері қызметтік міндетінен уақытша шеттетілді. Тергеу барысы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің бақылауында екені атап өтілді.

Ал жарақат алған азамат бірден ауруханаға жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетілген.

Науқас 25 наурызда оқ жарақатымен түсті. Оған алғашқы хирургиялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты, ауруханада ем қабылдап жатыр, – деді басқарма өкілдері.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады