Айша бибі кесенесінің маңын «басып» алған кәсіпкерлер сотталды

Аиса Махамбет Редактор
27.03.2025, 10:50
341
Айша бибі кесенесінің маңын «басып» алған кәсіпкерлер сотталды «National Geographic Qazaqstan» мұрағаты

Тарихи-мәдени қорық-музейі бизнесмендердің үстінен арыз түсірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сот кәсіпкерлерді өздері тұрып жатқан ғимараттарды босатуды талап еткен.

Іс материалдарына сәйкес, сотқа иелігінде Айша бибі кесенесі бар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі шағымданған. Оларға 2 гектар жер учаскесін тұрақты пайдалану құқығы берілген. Бұл аумақта бірнеше техникалық ғимарат салынған, алайда бес кәсіпкер оларды заңсыз иемденіп алған.

Бұл участок әкімнің шешімі және жер пайдалану құқығы туралы актісі бойынша сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатады. Бұл жерде бірнеше техникалық бөлме салынған. Алайда бес кәсіпкер бұл ғимараттарды заңсыз иемденіп, қазір оларда коммерциялық қызметпен айналысуда, - делінген арызда.

Жоғарғы сот мәліметінше, музей-қорық сотқа жүгініп, кәсіпкерлерді өздері тұрып жатқан ғимараттарды босатуды талап еткен, өйткені жауапкерлерде сауда жасауға рұқсаттары, сондай-ақ бұл үй-жайларды кәсіпкерлік үшін пайдалану құқығы мен құжаттары жоқ.

Сондай-ақ олар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында сауда жасауға тыйым салынғанын атап өткен.

Төрт жауапкер талап қоюды мойындамаған, кәсіпкерлердің бірі даулы ғимараттарды 2010 жылы өз қаражатына салып, кейін оларға сауда жасау үшін тегін бергенін мәлімдеген. Бесінші жауапкер талап қоюды мойындаған, - делінген мәліметте.

Жамбыл аудандық соты кәсіпкерлер қорық-музейге тиесілі ғимараттарды заңсыз иемденген деген қорытындыға келді.

Талап қою қанағаттандырылды: сот кәсіпкерлерге заңсыз иеленген үй-жайды босатуды міндеттеді.

Жауапкерлер бұл шешімге апелляциялық тәртіппен шағым түсірген. Алайда Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың тұжырымымен келісіп, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады