Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды

11.03.2023, 10:30
785
Димаштың әні АҚШ-тың Channel R радиосында шырқалды inform.kz

Димаш Құдайбергеннің «Zhalyn» композициясы алғаш рет америкалық Channel R Radio-сында шырқалды.

Дегенмен бұл қазақстандық әншінің аталған радиостанция эфиріне шыққан бесінші әні, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаштың қазақ тіліндегі әні Америка радиосында айтылуы оның жанкүйерлерінің арқасында мүмкін болған. Олар күн сайын оның әнінің қойылуын сұраған. Бұған дейін Channel R радиосында Д.Құдайбергеннің Fly Away», «Be with me», «Golden» және «Screaming» композициялары шырқалған еді.

Сиэтлдегі R Channel радиостанциясы 2020 жылдың ақпанында құрылды. Эфирде тәулік бойы заманауи хиттер мен тыңдаушылардың ең сүйікті әндері ойнайды. Мұнда поп-музыкадан R&B, рок, рэп және электронды музыкаға дейінгі барлық жанрды тыңдауға болады.

Channel R жұмысының негізгі қағидасы – дыбыс жазу компаниясы қалаған әуендерді емес, тыңдаушыларға ұнайтын композицияларды тарату. Сондықтан, радио апта сайын тыңдаушылар арасында дауыс беру өткізеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды