«Тамақты сырттан ішіп келемін»: Айнұр Тұрсынбаева «жұмсақ» ене екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
27.03.2025, 11:31
361
«Тамақты сырттан ішіп келемін»: Айнұр Тұрсынбаева «жұмсақ» ене екенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Ұлым мен келінімнің өз жұмыстары бар, бизнестері бар, балалары бар дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ене мен келін тақырыбын қозғады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Айтыскер келінімен бірге тұрмайтынын журналист Ләйлә Сұлтанқызына айтып берді. 

"Біз бірге тұрмаймыз. Ұлымнан бөлек тұрамын. Келініммен алғаш танысатын кезде ең бірінші құдаларым жақсы кісілер болса екен деген ойда болдым. Мен тура армандағандай Мадинаның ата-анасы өте таза адамдар. Мадинаға “Мен түнде келе жатқанда үйді жинап, есің шығып мамаға былай жасаймын десең, онда сенде еркіндік болмай қалады” деймін. Көп адам менімен келіспейтін шығар, әркім өз отбасында өзі біледі. Бекланның үйіне баратын болсам, тамақты көшеден ішіп келемін. "Келін, шай қайда? Неге шай бермейсің?" деген бізде жоқ. Ұйқың келіп тұр ма, ұйықтап ал деймін. Келін мынадай уақытта тұру керек деген заң жоқ. Адам өз қалағанынша өмір сүруі керек. Өз жұмыстары бар, бизнестері бар, балалары бар", — деді коуч-психолог. 

Одан кейін, психолог оңтүстік пен солтүстіктегілердің құдалығын да салыстырды. 

"Құдаласу оңтүстікте өте өзекті ғой. Бізде оңтүстікте қандай дүние әкелді, қалың мал қанша болыпты? дегенді бірінші орынға қойып жатады. Біз Мадинаның ата-анасымен келісіп, құда-құдағи боламыз деген кезде Көкшетау жақта қалың мал деген мүлдем жоқ екен. Бірақ мен сіздерде қалың мал бар ма, жоқ па сіздер өз елдеріңіздің салт-дәстүрімен жасай беріңіз, біз өз еліміздің салт-дәстүрімен жасай береміз. Оңтүстікте қалың мал да беріледі, солай келістік. Оңтүстікте қалай жасалады, ал сіздерде солтүстікте қалай болады солай жасаңыздар дедік. Зат емес, адамды алып жатырмыз. "Оның құны мынадай, оған мынша әкелу" деген кішкене дұрыс емес дүние деп ойлаймын. "Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды" дейді. Өзіміздің жөн-жоралғыларды жасадық. Кейін құдағиға Бекланның өз үйі бар, шкаф анау-мынау керек емес дедім. "Мадинаға не керек, соны әкеліңіз" дедім. Сіз де еркін, мен де емін-еркін болайық дедім", — деді айтыскер ақын.

Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО) Тамара Асар жолдасының зауыт қызметкерлеріне ас берді Белгілі блогер Дана Есеева орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты Ұландықтар боксшы Назым Қызайбайға құрмет көрсетті Танымал әнші концерт кезінде жүрегі ұстап, қаза болды Жамбылда жер сілкінісінің кесірінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген Наурыздың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы жарияланды Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Жапонияда қыдырып жүр «Қыз туған соң жігітім тастап кетті»: Қарағандыда жаңа туған сәби саудасына қатысты сот жалғасып жатыр Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр Бағлан Әбдірайымов «Жігіттер» тобынан кетті Алматылық полиция бастығының орынбасары сотқа іш киіммен қатысқан Бұрынғы полицей жасөспірімдерді зорлаған болуы мүмкін Құлсарылық әйелді бұрынғы күйеуі аурухана ішінде бауыздап кетті