«Мүгедек» деп көк қағаз берді»: «Диета» тобының әншісі Жасұлан Базарбай сырын ақтарды

Аиса Махамбет Редактор
27.03.2025, 12:13
514
«Мүгедек» деп көк қағаз берді»: «Диета» тобының әншісі Жасұлан Базарбай сырын ақтарды жеке мұрағатынан

Әнші қызының аутист екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Диета” тобының әншісі Жасұлан Базарбай қызының аутист екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Өнер иесі қызының сөйлемесе де, ән айтып жатқан видеосын жариялады. 

“Менің қызым — аутист. Ол сөйлемейді. Бірақ ән айтады. Ешкім үйде орысша сөйлемейді, алайда ол ұнаған әнін кез келген тілде – мейлі ағылшынша, мейлі кәрісше болсын – нақышына келтіріп орындайды. Бұл – мен үшін күн сайын таңғажайып құбылыс. Себебі ол ән арқылы өзін білдіреді. Өз эмоциясын, ішкі әлемін сыртқа шығарады. Қарапайым бала емес. Ерекше бала. Дарынды. Терең сезеді. Тек әлеммен байланыс тәсілі басқаша. Қазір мен осындай балаларды зерттеп жүрмін. Көп ата-анамен сөйлесемін, олардың балалары да сөйлемесе де, сурет салады, музыка сезінеді, сандармен ойнайды. Біздің қоғам мұндай баланы көрсе, ең алдымен “мүгедек” деп көк қағаз береді. “Ауру” деп аят қылады. Бірақ бұл дұрыс емес. Аутизм ауру емес. Бұл — ерекше даму жолы. Бұл балалар мүгедек емес, дарынды. Олар шындықты басқаша сезінеді, оны айту үшін қалыпты тілді емес, музыка, сурет, қозғалыс, дыбыс сияқты ішкі тетіктерін қолданады”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін қоғам тарапынан түрлі түсінбеушілік болатынын да жасырмады. Өнер иесі аутизмнің ерекше қабілет екенін айтты. 

“Қоғам қашан түсінеді екен, аутист балалар біз ойлағандай әлсіз емес. Олар бізден де тереңірек, пәк әрі тазарақ әлемде өмір сүреді. Оларға жанашырлық емес, түсіністік, қабылдау және ең бастысы мүмкіндік керек. Осы мәселе бойынша билікке хат дайындап жатырмын. Инклюзив білім беру бағытында мектеп ашқым келеді. Бұл өз қызым үшін емес, барлық бала үшін пайдалы болмақ”, – деді эстрада жұлдызы. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды