487

Қарағандыда мотоцикл мінген 17 жастағы бозбала қаза тапты

Жоғары жылдамдықпен бордюрге соғылып жан тапсырды.

Қарағандыда мотоцикл мінген 17 жастағы бозбала қаза тапты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, 17 жастағы жасөспірім мотоцикл жүргізушісі көз жұмды.

Halyqstan telegram арнасының мәліметінше, оқиға Бұқар Жырау даңғылы мен 7-магистральдің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жүргізушісі жолаушымен бірге бордюрге соғылып, соққы салдарынан жол жиегіндегі бағдаршам бағанасына ұшып кеткен. Ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды.

Жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан бозбала жуырда ғана өзіне жаңа мотоцикл сатып алған. Бұл ақпарат марқұммен бір мотоәуесқойлар чатында болған жергілікті тұрғыннан белгілі болды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор