Мерт болған паралимпиадашы Нышан Өмірәлінің ақшалай жүлдесі отбасына берілетін болды

Аиса Махамбет Редактор
27.03.2025, 13:53
2996
Мерт болған паралимпиадашы Нышан Өмірәлінің ақшалай жүлдесі отбасына берілетін болды жеке мұрағатынан

Париж олимпиадасына қатысқан паратаэквондошы қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жол апатынан қазақ тапқан паралимпиадашы Нышан Өмірәлінің ақшалай жүлдесін оның отбасы алатын болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Нышан Өмірәлі паратаэквондодан бесінші орын алды. Бұл үшін ол мемлекеттен 10 мың доллар (5 миллион теңге) алуға тиіс еді, бірақ спортшы мерт болып, ақшаны алып үлгермеді.

Туризм және спорт министрлігі марқұм паралимпиадашының отбасы оған тиесілі төлемді алады деп түсіндірді.

"Нышан Өмірәліге мемлекет тарапынан қажет сыйақы төленеді. Бізді қаржы министрлігі қолдады. Барлық спортшы сияқты Нышан Өмірәлі де келесі аптада үкіметке жүлде тағайындау үшін жіберетін тізімге енгізіледі", – деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.

Бөлім демеушілік қаражат есебінен Нышан Өмірәлінің отбасына бір реттік төлем жасау мүмкіндігін тапты. Жиналған ақша Таэквондо федерациясының атынан спортшының туыстарына табыс етілді.

Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 2024 жылдың 1 қазанында сағат 22:15-те Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолының 542 шақырымында болған. Спортшы өзінің Nissan Maxima көлігін Түркістан облысынан Таразға қарай айдап келе жатып, жол бойында тұрған түйеге соқтығысқан.

Нышан Өмірәлі – Қазақстандық паралимпиада таэквондошысы, екі дүркін әлем чемпионы. 2020 жылы Токиода өткен Жазғы Паралимпиада ойындарына және 2024 жылы Париждегі Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысты.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды