693

Орал қаласында су кестемен беріледі

Орал қаласында су кестемен беріледі, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Орал қаласында су кестемен беріледі
smartnews.kz

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шаһардағы кәріз коллекторларының еріген суға толуына байланысты 10 наурыз күні сағат 20.00-ден бастап қала бойынша су беру уақытша тоқтатылды.

«Сонымен қатар тұрғынжайларды сарқынды және еріген су басу қаупі туындады. Соған орай қалада су беру кестемен беріледі: 07.00-ден 09.00-ге дейін, 12.00 - 14.00 және 18.00 - 20.00. Жағдай қалыпқа келген кезде су беру штаттық режимде жүргізілетін болады», - деп хабарлады ведомстводан.