Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді

28.03.2025, 10:14
319
Атырауда Жем өзенінің арнасы тереңдетіліп, ені 50 метрге кеңейтілді

Былтыр бүтін бір қала мен ауылдарды шайып өткен Жем өзені кеңейтіліп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы Ақкиізтоғай  мен Тұрғызба ауылы аралығы және өзеннің теңізге құятын сағасына дейінгі 50 шақырым жердегі түп тереңдету, тазарту жұмыстары аяқталды. Жем өзені арнасының тереңдігі 2-2,5 метрге, ал ені 50 метрге кеңейтілді.

Құрсай өзенінің 80 пайызға жуығы тазартылып, тереңдетілген. Қазір қалаішілік аумақтағы жұмыстар жалғасуда. Жоба толық аяқталғанға дейін Құрсай өзенінің аузы уақытша жабылып, су тек Жем өзені арқылы ағып жатыр.

Бекіту шараларын Құрсай өзеніндегі жұмыстар толық бітпегендіктен уақытша жүргіздік, яғни, бұл жердегі жұмыстар жалғасады. Өзеннің алдына арнайы үлкен шлюз салынады. Одан әрі қарай Құрсай өзенін және Құр-Жемді кесіп өтетін бөгеттердің бойына да шағын реттегіш шлюздар орнатылады,- деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған мәліметке сүйенсек, бұдан бөлек аудан 3 дәрежелі қорғаныс бөгетімен қорғалған. Оның жалпы ұзындығы 100 шақырымға жуықтайды.

Бірінші бөгет Жем өзенінің түбін тереңдету кезінде шыққан топырақтан төселген. Екіншісі республикалық маңызы бар Атырау-Бейнеу тас жолынан басталып, Ақкиізтоғай ауылына дейінгі 65 шақырым балмен соғылып жатыр. Ал су ол екі бөгеттен өтіп кетті деген жағдайда 3-шісі, яғни, Құлсары қаласын қоршап тұрған былтырғы бөгет қайта нығайтылды,- деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Айта кетейік, ені 20 метр, биіктігі 6 метр болатын, әр 50 см сайын нығайтылған 65 шақырым бөгеттің бүгінде 78 пайыз жұмысы аяқталды.

«Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ «Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске түсіріп, көзіне жас алды Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО) Қарағандыда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп, зорлады деп жала жапқан Жетісуда өзеннен трос арқылы өтпек болған ер адамның мәйіті табылды Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады «50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген «Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) «Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген 18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО) Алматыда жол қиылысында «мода» көрсеткен қыздар көптің талқысына түсті (ВИДЕО) Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді «Шатастырып алған шығар»: Жанжал болған күннің бейнежазбасы жарияланды Таразда түрмеге жіберілген сәлемдемеден телефон табылды Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды Маусым айындағы демалыс күндері қанша? Бүгін өңірлерде өрт қаупі жоғары