575

Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты

Ерекше қажеттіліктері бар 120 азамат «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында цифрлы кәсіптерді оқытуды сәтті аяқтады. 80-ге жуығы жұмысқа орналасып, қалған 40 азаматты еңбекпен қамту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мүгедектігі бар 80 қазақстандық сұранысқа ие кәсіпті оқып, жұмыс тапты

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ​бүгінгі таңда бағдарлама түлектері экономиканың түрлі салаларында сұранысқа ие мамандықтарды игеріп, дұмысқа орналасты.

Сонымен, Степан Патрашков еліміздегі танымал жаңалықтар порталдарының бірінде SMM маманы болып жұмыс істейді. Татьяна Гейзер дизайнер-беттеуші ретінде мансабын дамытуда. Берік Байжанов, Ольга Лаас, Диана Үсентаева және Эдуард Сучков такси қызметін көрсететін ірі халықаралық компанияның қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Қаржы қауіпсіздігі» жобасында еңбек етуде.

​Жоба түлектері оқыту олар үшін сұранысқа ие цифрлы мамандықтарды игеру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қоғамда өзін-өзі дамыту қадамы болғанын атап өтті. Бағдарлама өз күштеріне сенуге көмектесіп, ал тәжірибеодан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашты.

​Түлектердің бір бөлігі педагогика мен психологияда өздерін сынап көруде. Бизнес-үрдістердің дамуына және стратегиялық жоспарлауға үлес қосып жүрген менеджмент мамандары да бар.

​Сондай-ақ, түлектердің арасында инженерлер, метеоролог-техниктер және тұрғын үй коммуналдық шарушалығы саласының қызметкерлері бар. Бірқатар дизайнерлер қоғамдық қорлар мен той индустриясында қызмет етуде. Кейбір түлектер бухгалтерлік есеп, медицина және әкімшілік салада өздерін дамытуда.

​Естеріңізге сала кетейік, «OrleTECH 3.0» жобасы no-code әзірлеу, UX/UI дизайн және жасанды интеллект (AI) саласындағы цифрлы мамандықтарды оқытуға бағытталған. Жобаға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 1500-ден астам өтінім келіп түсіп, оның ішінде 180 адам іріктелді. Аталмыш жоба «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен «IteachMe» қорымен бірлесіп іске асырылуда.