565

Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр

Тұрғындар тегін ағаш көшеттерін ала алады.

Алматылықтарға үй ауласын көгалдандыру үшін тегін көшет таратылып жатыр
Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда «Жасыл аула» көктемгі акциясы басталады. Науқан барысында алматылықтарға көпқабатты үйлердің ауласын және қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру үшін жапырақты ағаш көшеттері тегін беріледі.

Көктемгі акцияға қатысуға өтінім қабылдау 1-11 сәуірі аралығында өтеді. Іс-шараның мақсаты - қаланы көгалдандыруды жалғастыру, жасыл қорды сақтау және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру.

Тұрғындар өтінімді zhasyl_aula_2025@mail.ru электронды мекенжайына хат жіберу арқылы бере алады. Ол үшін келесі ақпарат болуы керек:
 1. Аты-жөні, байланыс деректері, көшет отырғызылатын нақты мекенжай;
 2. Жер учаскесінің фотосы (мүмкіндігінше панорамалық);
 3. Қажетті көшет саны.

Отырғызу жұмыстары аяқталғаннан кейін қатысушылар фотоесеп жіберуі қажет.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор