9440

Жамбылда жер сілкінісінің кесірінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген

Үкімет өкілдері жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындармен кездесті.

Жамбылда жер сілкінісінің кесірінен 17 әлеуметтік нысан бүлінген
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкіметтің жұмыс тобы жер сілкінісі болған аудандарға барды.

Әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті. Баспаналары зардап шеккендерге атаулы көмек көрсетілетіні айтылды.

Бүлінген ғимараттардың ішінде 11 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 2 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар. Сондай-ақ 104 тұрғыннан баспаналарына зақым келгені туралы арыз-шағым түскен. Тұрғын үйлерді тексеру және шығын көлемін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 28 наурыз күні Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген еді.

Материал авторы