Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза болды

11.03.2023, 12:36
701
Қызылордада тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза болды smartnews.kz

Қызылорда облысында тұрғын үйдегі өрттен 48 жастағы ер адам қаза болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға 10 наурызында сағат 21.18-де Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі жеке тұрғын үйде болған. Тұрғын үйдің ауданы 15 шаршы метр болатын кіреберіс бөлмесі толығымен жанған.

«Өрт сөндірушілер 1975 жылы туған тұрғын үй иесін сыртқа алып шығып, оны жедел жәрдем мамандарына тапсырған. Алайда, ол сағат 21.48-де көз жұмды. Марқұм түтінге тұншығып қалған. Ол үйде жалғыз болған. Өрт сағат 21.30-де оқшауланып, 21.40-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері 2 техникамен келді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімі, жедел жәрдем бригадасы және өзге де жауапты мекеме мамандары жұмыс жасаған.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді