780

Белгілі блогер Дана Есеева орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты

Шашым аппақ болған соң орамалды тастамай тақтым дейді ол.

Белгілі блогер Дана Есеева орамал оны ұяттан құтқарғанын айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер, кәсіпкер Дана Есеева Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасында қонақта болып, орамал тағуға қатысты сұраққа жауап берді.

«Қалай шыдап жүрсің? Қонақ келген сайын сәлем салып жүресің. Келін болғалы неше жыл өтті, әлі күнге дейін орамал тағасын ба?» дегендер көп болды. Мен одан проблема көріп тұрған жоқпын. Ол проблема емес. Айына бір рет келетін қонақтар үшін орамал тағып, келін көйлегіңді киіп, сәлем салудың еш қиыны жоқ қой. Қайта батасын аласың, – дейді блогер. 

Ол орамал тағу арқылы артық сөздерден аман қалғанын айтады.

«Мен, керісінше, шашым аппақ болғаннан кейін, орамалды тастамай тақтым. Келін болып түскен кезім. «Блондинка» болып жүрдім. Артық сөз болмасын деп, орамалды бірден тағып алдым. Соның өзінде суреттен көргендер: «орыс па, татар ма?» деп сұраған екен, – деді Есеева.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор