1101

«Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті

Алтын көршілерім Бүркіт пен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық дейді әнші.

«Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова өнердегі жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның үйіне қонақ болды. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Эстрада жұлдызы өнерлі жұптың көршісі екенін айтып, айттап барды. 

“Алтын көршілерім Бүркіт пен Аишаның шаңырағына айттап барып, ата-анасының батасын алып қайттық. Саяттың қоңыр даусымен тіптен жақсы демалдым. Аман болыңдар, көршілерім!”, – деп жазды әнші. 

Одан кейін халық әртісі Аишаға қандай сыйлық әкелгенін көрсетті. 

“Жақсы көретін кулоным бар еді. Соны өзіңе сыйлағым келеді. Ұлттық нақышта жасалған. Өте әдемі. Менің көзімдей етіп, тағып жүр. Менде мұндай әшекей бұйым көп. Бриллианттардан үй соғамын ба, жақсы көретін адамдарыма таратып жатырмын”, – деп ағынан жарылды халық әртісі. 

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор