«Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты

Аиса Махамбет Редактор
31.03.2025, 15:27
2513
«Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты бейнежазбадан алынған кадр

Баламның үшеуін де Өзбекстанда тұрғанда орыс сыныбына бердім дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржы пирамидасын жарнамалап, бес жылға сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ұлының жағдайын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Вайнер әрі блогердің анасы мен жары Дана Есеева Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, отбасы, келіндік өмірі туралы сыр шертті. 

“Арманым – ішімде. Мейіржанымның шыққанын күндіз-түні тілеймін. Отбасына келсе екен тезірек. Баламды өте жақсы білемін. Балам ешкімді алдамайтын, ешкімнің ала жібін аттамайтын адам. Қайта мен біреу туралы бірдеңе деп пендешелікпен айтып қалсам, "айтып отырғаныңыз не, мама? Намаз оқисыз ғой", деп отыратын. Біреуге жаман айтқанды қаламайды, біреуді сөз еткенді қаламайды. Құдайға шүкір, қырыққа келді. Осылардың отбасы аман болсын. Екеуі бақытты болып, бір жастыққа қартайғанын тілеймін. Өте ризамын, балама да, келініме де. Бес бала қасымда. Бәрі менің жанымда азаннан кешке дейін. "Айналайын" деген сөзімді сағынып келеді. Соны естіп өскен. Мен бақыттымын. Артымда ахар-шахар боп қалсын. Ризамын, бақыттымын", – деді ол.

Сондай-ақ балаларына қандай тәрбие бергенін де айтып өтті. 

“Өзбекстанның Зарафшан деген қаласында тұрдық. Баламның үшеуін де орыс сыныбына бердім. Кеңес кезінде орыс тілі басым болған еді. Алматыға келгесін Мейіржанның қазақшасы жақсарды. Қаламызда 20 пайыз ғана қазақтар тұрды. Көршілеріміз өзбек ұлты болды. Кейін қазақ мектебі ашылды. Бірақ мен балаларымды бергім келмеді. Өйткені орыс мектебіне үйреніп қалған еді”, – деді Сұлуфан Төребаева. 

 

Астанада құқық қорғау қызметкерін атып кетті Айдос Сарым Ресей пропагандисі Соловьёвке жауап берді Техникалық белгі дабыл қақты: Қызылордаға бағыт алған ұшақ Алматыға қайта қонды Жангелдиндегі қасірет: Қаза тапқан отбасының туыстары жаңа деректерді жариялады Шымкентте өрт шыққан пәтерден ер адамның мәйіті табылды Допинг дауына қарамастан Жәнібек Әлімханұлы IBF көшбасшысы болып қалды Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктілер қайда екені белгілі болды Астанадағы балабақшада балаларға психологиялық қысым көрсетілді деген шағым түсті Талғарда 20 жастағы қыз ауруханаға жүгінгеннен кейін көз жұмды (ВИДЕО) «Енді әйел алмаймын деді»: Омар Жәлелдің екінші әйелі күйеуі туралы шындықты айтты Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі өзіне тіл тигізгендерді сотқа берді Қырғызстан депутаты Соловьёвтің елге кіруін шектеуді ұсынды Академик Асқар Жұмаділдаев күрделі есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланбақ Ақ үй Трамптың жұмысшыға ортаңғы саусағын көрсетуін «орынды» деп атады (ВИДЕО) Әр бесінші дәрігердің жасы зейнетке жақын: Депутат жас мамандарды жұмысқа тарту ісін сынға алды Депутат: Марапат пен атақ – базарда сатылатын сувенирге айналды Израилде табылған қазақтың байырғы бабасының жәдігері әлемді таңғалтуда Дастан Сәтпаев «Челсидің» болашақ құрамына енді «Дайындалып келу керек»: Қошанов шенеуніктің жауабына разы болмады Жамбыл тұрғыны үйленгенін 30 жылдан кейін білді