Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды
Он күннен соң істі тыңдау басталады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша алдын ала сот тыңдауы 2025 жылдың 10 сәуіріне белгіленді.
Бұл туралы Алматы облыстық соты мәлімдеді.
2025 жылғы 10 сәуірде, сағат 12:00-де Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша алдын ала тыңдау өтеді. Процесс Талдықорған қаласындағы Қабылса Жырау көшесі, 65-үй мекенжайында орналасқан облыстық мамандандырылған көпсалалы қылмыстық істер жөніндегі сот ғимаратында өтеді, – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске сала кетейік, бұл іс қоғамда кеңінен талқыланып, резонанс тудырған болатын. Сот процесінің басталуымен істің мән-жайы ашық қаралатыны күтілуде.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші