Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды

01.04.2025, 10:50
555
Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды бейнежазбадан алынған кадр

Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысы Сарыөзек ауылындағы қараусыз қалған ғимаратта мектеп оқушысын бетон жабындысы басып қалды. Салдарынан ауыр жарақат алған жасөспірім қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметі жеткізді. 

Бір топ жасөспірім ауыл көрінісін тамашаламақ болып ғимараттың төбесіне шыққан. Туыстарының айтуынша, қабырғасы қирап тұрған нысанның төбесіндегі бетон плитасы құлап, үш бала жарақат алған. Олардың бірін бетон жабындысы басып қалыпты. Жарақат алған Естай Кенжеғазы өзін құтқарушылар келгенше бетон астынан әкесі шығарып алғанын айтады.

“Жанындағы балалар қоңырау шалды "осындай жағдай болды, тез келіңіз" деді. Арғы жағынан баламның “әке тез келші” деген даусы естілді. Даусы басқаша. Бір амалдап өзіміз шығып алдық. Бірақ анадан түсіре алмаймыз жерге. Төтенше жағдай қызметі мен жедел жәрдем уақытында келіп түсіріп алды, ауруханаға келдік”, – дейді жеткіншектің әкесі Ержан Кенжеғазы.

16 жастағы жеткіншек қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екі бала жеңіл жарақат алып, үйіне жіберілді.

“Бала бізге өте ауыр жағдайда түсті. Қолы сынған, сол жақ иығының сүйегі сынған. Сондай-ақ 6-7 омыртқасына зақым келген. Науқастың жағдайын көру үшін Талдықорған қаласынан арнайы дәрігерлер келеді”, – деді Кербұлақ аудандық ауруханасының дәрігері Рамина Нұғманова.

Бұл қараусыз қалған ғимаратта болған бірінші оқыс жағдай емес. Жергілікті тұрғындар 28 жылдан бері иесіз тұрған нысанды сүріп тастауды талап етіп отыр. Олар апатты жағдайда тұрған ғимаратта тағы бір адам жапа шеге ме де алаңдайды.

“Қанша айтқанбыз, ешкім біздің тілді алмайды. Тұра берсін, нан сұрап жатыр ма дейді. Міне әлі тұр, көзін құрту керек. Бір кісі осында 2009 жылы ма, 2008 жылы ма ішінде қайтыс болған. Неден қайтыс болғанын білмеймін, қатып қалған. Содан кейін былтыр тағы бір бала құлаған, қолын шығарып алып ауруханада жатты”, – дейді ауыл тұрғыны Талғат Ниетбаев.

Әкімдік бұл мәселеден хабардар. Бірақ жекеменшік нысан иесінің қайтыс болуына байланысты ешбір шара қолдана алмаймыз деп отыр.

“Мен құжаттарын жинақтап Кербұлақ аудандық сотына иесіз мүлік ретінде танып, коммуналдық меншікке алу туралы талап-арызбен жүгіндік. Бізге де талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды. Себебі мұрагерлері бар. Мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы кез келген уақытта сотқа жүгінуге құқылы”, – деді Сарыөзек ауылдық округі әкімінің орынбасары Абзал Қабдікерім.

Банктің кепілде тұрған ғимаратты мұрагерлері қабылдауға асығатын түрі жоқ. Ал шенеуніктер жекеменшік нысанды қоршай алмаймыз дейді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады