868

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Қазақстанға ат басын тірейді

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк 13 наурыздан бастап Орталық Азиядағы екі елдің арнайы шақыртуымен Өзбекстан мен Қазақстанға бес күндік жұмыс сапарымен келеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Қазақстанға ат басын тірейді
freepik

Жоғарғы комиссар Қазақстанға 16-17 наурыз аралығында болады. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік тұлғалармен, омбудсмендермен, БҰҰ қызметкерлерімен және азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдерімен кездеседі.

Қазақстанға сапары барысында Фолькер Тюрк  Астанада болып, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 75 жылдығына арналған іс-шарада сөз сөйлейді.