14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды

11.03.2023, 16:20
704
14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық Ариана Гогулина Үндістанның Гургаон қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors World Tennis Tour сериясында өткен жарыстың абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Муккам Ерматов баптайтын 14 жасар қазақстандық спортшы Үндістанда теңдессіз өнер көрсетті.

Астанадағы ұлттық теннис орталығының түлегі жекелей сында финалда үндістандық спортшыны ұтты. Бірінші партия 6:2 есебімен аяқталса, екіншісінде қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Гогулина финалға дейін 7 ойында жергілікті теннисшілерді, соның ішінде доданың бірінші ракеткасын тізе бүктірді.

Жұптық сында соңғы бәсекеде тек қазақстандық теннисшілер бас жүлдені сарапқа салды.

Ариана Альбина Кәкеновамен бірге Сәтима Төреген - Анастасия Крымковадан айласын асырды – 6:1, 6:2.

Осылайша, Ариана ITF Juniors жарысында алғашқы қос табысына қол жеткізді.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды