SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеу метросында жолаушы пойыз вагонында шауырма жеп отырған қызды аузынан қағып жіберді.
«Подслушано Метро Москвы» Telegram арнасының хабарлауынша, ер адам метро вагонында шауырма жеп отырған қызға күш қолданған.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға ер адамның шағымынан басталған. Ол қыздың тамақ шығарып, жей бастағанына әбден ызаланған. Ол қыз тамақты тістеп жатқан кезде оның қолын қағып жіберген. Жолаушылардың бірі қызды қолдауға шешім қабылдағанмен, бірақ оған ер адам «әдептілік нормаларын» түсіндірген.
«Енді кастрюль шығарсаңшы, соус қосып же. Сенің есің дұрыс па өзі?! Асханада отырсың ба, әлде түк түсінбейсің бе? Оныншы рет түсіндіріп отырмын саған. Құры бұл жерден! Мына мадам басқа жерге отырсын!», – деп жауап қатты ашулы ер адам қызды жақтауға бел буған жолаушыға.
Бойжеткен агрессорға жауап бермей, онымен жанжалдаспаған да.
Жағдай әлеуметтік желіде белсенді пікірталас тудырды. Кейбір қолданушылар қоғамдық көлікте тамақ ішу басқаларды сыйламаудың белгісі деген пікір білдірді. Басқалары, керісінше, зорлық-зомбылыққа кез келген жағдайда жол беруге болмайтынын айтты.