629

Шуда қайтыс болған әйелдің туыстары ауруханаға шабуыл жасады (ВИДЕО)

Әйелдің мүрдесін жасырған дәрігерлерге қатысты тергеу басталды.

Шуда қайтыс болған әйелдің туыстары ауруханаға шабуыл жасады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шу ауданында жүкті әйелдің өліміне байланысты медицина қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысы Шу ауданында дәрігерлердің өз қызметтік міндетін дұрыс орындамаған медицина қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын облыстық Полиция департаменті растады.

Алайда қайғылы оқиғаға байланысты жақында аурухана ғимаратында жанжал туындады. Марқұмның туыстары ауруханаға баса-көктеп кіріп, әйнек есіктерді сындырған және медицина қызметкерлеріне күш көрсеткен. Оқиғаның видеолары әлеуметтік желіге таралып жатыр. Полиция қызметкерлері жанжалды тоқтатуға тырысқан.

Полицияның мәліметінше, ауруханадағы жанжал бойынша әзірге құқық қорғау органдарына ресми арыз-шағым түспеген. Дегенмен, оқиға бойынша тергеу амалдары басталған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор