«Эмоцияға берілмеуге көмектеседі»: Енді елімізде ажырасу қымбаттайды

Аиса Махамбет Редактор
09.04.2025, 09:45
293
«Эмоцияға берілмеуге көмектеседі»: Енді елімізде ажырасу қымбаттайды iStock

Ажырасуға төленетін баж салығы 1966 теңгеден 19 660 теңгеге көбеймек.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаттары Салық кодексіне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып отыр. Солардың бірі – некені бұзу кезінде төленетін мемлекеттік баж салығын арттыру.

Жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес, некені бұзу үшін төленетін баж салығы қазіргі 0,5 АЕК-тен (2025 жылы – 1 966 теңге) 5 АЕК-ке (19 660 теңге) дейін өсуі мүмкін.

Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев бұл бастаманың мақсаты азаматтарды ажырасу туралы шешімді эмоцияға берілмей, байыппен қабылдауға итермелеу екенін айтты.

Баж салығын арттыру сәттік сезіммен ажырасу туралы шешім қабылдайтындар үшін белгілі бір тежеу бола алады. Бұл әсіресе жастар арасындағы орынсыз ажырасулардың алдын алуға көмектесуі мүмкін, – деді депутат.

Сонымен қатар Бейсенғалиев бұл ұсыныс мемлекеттік бюджетті толтыруды емес, отбасылық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауды көздейтінін ерекше атап өтті.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады