Полицейді көлігінің капотында сүйреген тұрғын сотталды

09.04.2025, 10:30
485
Полицейді көлігінің капотында сүйреген тұрғын сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Жәбірленуші инспектор жолды бөгемек болғанда жүргізуші тыңдамастан жүріп өткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте полиция қызметкерін көлік капотында сүйреп кеткен тұрғын сотталды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қала тұрғыны У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 5-бөлігі бойынша — «Билік өкіліне қызметтік міндетін атқару барысында денсаулығына қауіпті күш қолдану» бабы бойынша айып тағылды.

Оқиға 2024 жылдың 2 қаңтарында болған. У. өзінің автокөлігімен Шымкент қаласындағы Әйтеке би көшесімен келе жатқанда, оны полиция инспекторы Б. тоқтатады. Себебі жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан жүріп кеткен. Полицей әкімшілік хаттама толтыратынын ескерткен соң, У. автокөлігіне мініп кетуге тырысады. Сол сәтте инспектор Б. көліктің алдына тұрып, жолын бөгемек болған. Алайда жүргізуші көлікті қозғалтқан кезде, полиция қызметкері капоттың үстіне жабысып қалған күйі біраз жерге дейін сүйретілген.

Сотталушының кінәсі тергеу материалдары арқылы толық дәлелденді. Прокурор оған бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Жәбірленуші де заңға сай жаза тағайындауды талап етті, ал сотталушы өз әрекетіне өкініп, жеңіл жаза сұрады.

Сот жазаны анықтау барысында айыпталушының екі жасөспірім баласы барын және жасаған ісіне шын өкінетінін жеңілдететін жағдай ретінде қарастырды. Ал оның есірткілік мас күйде қылмыс жасағаны ауырлататын мән-жай деп танылды.

Нәтижесінде, сот У.-ды ҚК-нің 380-бабы 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады