Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда

09.04.2025, 10:59
318
Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда

1 сыныпта оқитын Әлназар Әдісбек елордалық марафондардың белсенді қатысушысы. Бұл диагноздың зор мақсаттарға жетуге еш кедергі емес екенінің дәлелі. Рухы мықты жасөспірім осылайша көпке үлгі. Ол осыған дейін «Бірлік жүрісі», «Astana Run», «Charity Samruk Marathon», «Family Run», «Zengi Baba», «Run for Autism» және басқа да марафондарды бағындырды.

Әлназар Астана қаласының №97 мектеп-гимназиясының бірінші сыныбында оқиды. Анасы Мария Айдарханованың айтуынша, мектепті іздеуде әбіргерге түскен. Себебі  оқу орындарының барлығында бірдей ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Алайда Әлназар өткен жылы өзі қатысқан «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық жарысынан түскен қаражатқа жабдықталған инклюзия кабинеті бар мектептің оқушысы атанды. Аталмыш жүгіру шарасында 127 миллион теңге жиналып, Астананың 5 мектебінде жаңа форматтағы инклюзияны қолдау кабинеттері ашылды. Осылайша Әлназар баршамен бірге ерекше балалардың болашағына үлес қосып, бүгінде қатарластарымен мектепке барып жүр.

Жасөспірім тек жүгірумен ғана емес, жүзу, коньки тебумен айналысады. Бұл сенсорлық жүктемені жеңілдетуге, моториканы дамытуға және әлеуметтенуіне ықпал етеді. Инклюзия кабинетінде жеке емдік дене шынықтыру сыныбында айналысып, сонымен қатар дефектолог, логопед, психологпен жұмыс істейді. Анасы Марияның айтуынша, жалпы білім беретін мектептерінде мұндай кабинеттердің ашылуы ерекше балаларға қолдау мен олардың өміріндегі оң өзгерістерге үлкен мүмкіндік. Биыл Мария мен Альназар 3 мамырда Ботаникалық бақта өтетін «Charity Samruk Marathon» тағы да қатысуға ниетті. Қайырымдылық марафонында жиналған қаражат елордалық мектептерде жаңа инклюзия кабинеттерін ашуға бағытталады.

«Инклюзия ол - қоғамды кезеңдеп,байыппен өзгерту, диагнозы бар балалар туралы адамдардың пікірін өзгерту», - дейді Мария.

Айта кетейік, марафонды ұйымдастырушы - «Самұрық-Қазына» қоры Астанада 5 инклюзия кабинетінен бөлек, тағы да 6 сыныпты жабдықтады. Соның арқасында 500-ден астам ерекше оқушы инклюзивті біліммен қамтылып отыр.

Осы көктемнің басты қайырымдылық марафоны 3 мамырда өтеді. Тіркелу samrukmarathon.kz сайтында.

«Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді Қарағандылық мүгедектігі бар жанды өз туысқаны көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген Нығматулиндердің басына күн туды: Нұрлан Нығматулинның ұлы рейдерлік ісі бойынша тергеліп жатыр Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүруі мүмкін Дабыл! Астана аспаны жабылады! Қарттарды әбден азаптаған пансионат қызметкері небәрі 3 жылға сотталды Депутат Дәулет Мұқаев «Алатау серілері» тобын оқытушыларға мәжбүрлеп билет сатқызды деп айыптады Екі сутенер әйел 14 жасар қыздың тәнін саудаға салып, есірткімен улаған (ВИДЕО) Балалардың балабақша шатырына шығып ойнағаны, жұртты шошытты (ВИДЕО) Келінін балағаттаған мас қайын атаға заң арақ ішуге тыйым салды Семейде әйел адамды жүк пойызы басып кетті (ВИДЕО)