АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығын Үкімет есептеп жатыр
Трамп Қазақстанға 27% салық тарифін енгізген еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжілістің жалпы отырысының алдында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров АҚШ-та Қазақстан экспортына белгіленген баж туралы пікір білдірді. Бұл туралы Kazinform жазды.
- Біз бұл мәселені зерделеп жатырмыз. Өйткен баждың жаңа мөлшерін енді ғана енгізді. Қателеспесем, 27 пайыз болды ғой деймін (Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарларға – ред.). Сондықтан қазір Үкіметте талқыланып жатыр, есептеп жатырмыз, - деді Әлібек Қуантыров.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші