«Онлайн эфир болмайды»: Шерзаттың өліміне қатысты сот Талдықорғанда өтеді

09.04.2025, 13:22
584
«Онлайн эфир болмайды»: Шерзаттың өліміне қатысты сот Талдықорғанда өтеді SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Жоғарғы сот неге мұндай шешім қабылданғанын түсіндірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғарғы сот Шерзат Болаттың ісі бойынша сот отырысы неліктен Алматы облысында емес, Талдықорғанда өтетінін түсіндірді. Бұл туралы Bes.media басылымы жазды. 

Талғарлық жасөспірім Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы 2025 жылғы 10 сәуірге белгіленген еді. Қылмыс Алматы облысы Талғар ауданында жасалғанына қарамастан, сот отырысының Талдықорғанда, Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтетіні көпшіліктің сұрағын тудырды. 

Жоғарғы сот мәліметінше, іске қатысты сот отырысының Талдықорғанда өту себебі – аталған іс бойынша айып тағылған тоғыз адамның қазір осы қаланың тергеу изоляторында қамауда отыруы.

Құқық қорғаушы Мейірман Шекеев сот отырысы баспасөз өкілдеріне ашық түрде өтетінін, алайда Қуандық Бишімбаевтың ісіндегі сияқты онлайн трансляция жүргізілмейтінін атап өтті. 

"Сот Талдықорғанда өтеді, себебі айыпталушылардың көпшілігі сол жерде. Істі Алматы облыстық соты қарайды. Келесі сот отырыстары Қаскелеңде өтеуі мүмкін. Бұл тек алдын ала тыңдау", – дейді Мейірман Шекеев. 

Сотта Шерзат Болаттың отбасының мүддесін Мейірман Шекеев жетекшілік ететін алты адвокат – Жандос Палманов, Әлім Мұстафаев, Дина Досаева, Нұрболат Ібраев, Бақдат Амандосұлы және Бекзат Мязов қорғайды.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді