690

Ауғанстанда жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ауғанстанда жер сілкінді
smartnews.kz

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 12 наурыз күнгі 00 сағат 25 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1.

Тереңдігі – 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.