Мотоцикл жүргізуші жол жиегінде отырған жұмысшы ерлі-зайыпты мен жас жігітті қағып өлтірді

Аиса Махамбет Редактор
09.04.2025, 15:13
1652
Мотоцикл жүргізуші жол жиегінде отырған жұмысшы ерлі-зайыпты мен жас жігітті қағып өлтірді Zakon.kz

Көше тазартушы жұмысшылар тілге келместен мерт болды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 9 сәуірге қараған түні Рысқұлов даңғылында Suzuki Ninja мотоциклінің соқтығысуы салдарынан коммуналдық қызметтің үш жұмысшысы қаза тапты. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Suzuki Ninja мотоциклі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатқан, ал оның алдында Mercedes e-class автокөлігі келе жатты. Мотоцикл жүргізушісі көліктің оң жағынан айналып өтпек болған, алайда жылдамдығын да, айналу жолын да есептемеген.

Осылайша, Mercedes-ке ілігіп қалған мотоцикл жол жиегіне шығып, қарсы жаққа қарай ұшып кеткен. Ал, бұл уақытта, ол жерде жұмыстарын бітіріп, демалып отырған үш жол жұмысшысы отырған. Мотоцикл үшеуін де басып өтті. Тіпті, бір жұмысшының аяқ киімі жыртылып кеткен.

Апат салдарынан екі ер жұмысшы дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында қайтыс болды. Ал, олардың бірінің әйелі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды, алайда оны да құтқару мүмкін болмаған.

 

Осылайша, жүргізушінің олқылығынан осы маңда жұмыс істейтін жас қызметкер мен ерлі-зайыпты жұмысшы көз жұмды.

Мотоцикл жүргізушісі болса, бар болғаны денесін аздап сырып алған.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист, анықтаушы жұмыс істеді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады